«Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кеш » Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кеш
05
November
2018

«Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кеш

Бауыржан момышұлы атындағы мектеп-гимназия
«Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кештің

Мәліметі


Тақырыбы: «Ұстаз ұлық бәрінен»

Өткізілген орны: Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия
Өткізілген күні айы:04.10.2018 жыл
Қатысушының саны: 80
Қатыспағандар саны:0
11 «А» сыныптың ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама қойып берді. Бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз ұлық бәрінен» атты мерекелік кешті ашу үшін мектебіміздің директоры Даметкен Әбілекқызына берілді.
Даметкен Әбілекқызы оқушыларға алғысын айтып, ұстаз бен оқушының өмірін салыстыру мүмкін емес. Ұстаздық жауапкершілігі мол мамандық ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батырды, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып тер төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналу керек деп Даметкен Әбілекқызы сөзін аяқтады. Ұрпақ тәрбиесі –ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұлағатты –есім. Шәкірттерін білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшелінеді деп жургізуші айтады.1 сынып оқушылары ұстаздарға арналған тақпақтарын айтты. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі –ұстаз «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Келесі кезекті Рахметулла Темірлан ұстазым әнін айтты.
Ұстаз жақсылықтың жан ашыры
Қолында шәкіртіңнің бала шағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендерге Ұлы Отанның болашағы деп 7 «Ә» сыныптың оқушылары өзбек биін биледі. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып, ұстаз деген-ұлылардың ұлысы, қасиетіне бас иелік мәңгілік-деп келесі құттықтау сөз кезегін ардагер ұстаз Ауелбаева Айгерім апкейге берілді.
Айгерім апкей ұстаздарға былай деп айтты. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де, бәрі ұстаздарға қарыздар деп сөзін аяқтады. Айгерім апкейге жүргізуші қыз рахметін айтып, былай деп айтты. Сіздердің берген білімдеріңіздің, еңбектеріңіздің арқасында осы мектептен қаншама оқушы түлек ұшып, жақсы маман иесі атанды. Сіздерге барлығы үшін рахмет деп айтып 11 сыныптың оқушылары хор орындады.

«Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кеш
«Ұстаздар» күніне арналған мерекелік кеш


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив