27
October
2023
Қамқоршылар күні
29 қазан «Қамқоршылар» күніне орай Бауыржан Момышұлы мектеп – гиназиясында 27 қазан күні «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Іс- шараның мақсаты: қамқорлықтағы оқушылардың қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау. Іс шара барысында мектеп оқушылары қамқоршы ата- аналарға өлең шумақтарын оқып, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Іс- шара соңында қамқоршы ата- аналарға сөз беріліп, мектеп директоры алғыс хаттармен марапаттады.