03
September
2018
1 қыркүйек – Білім күні
«Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – гимназия» Education Department of Kordai district
2018-2019 оқу жылына арналған 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі!» салтанатты жиынның Мәліметі
Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл күн – бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы деп 1 сыныптарды ортаға шақырылып болған соң, сағынышпен күткен «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі!» атты мерекелік шарамызды ашық деп жарияланды.
10 «Ә» сыныптың оқушысы Рахманберді Диас, Тәжібай Жанкен, Нұрыш Жанерке М.Есбергеновтың бұйрығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын ортаға әкелді. Ту көтерілді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Салтанатты жиынымыздың мәртебелі қонақтарымен таныстырылды.
1. Ержігітов Қайрат Оразымбекұлы-Жамбыл ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
2. Бозымбеков Ертай Жапарұлы – Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары
3. Бейбітова Айсұлу Тоқтасынқызы – Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері
Бүгін біз Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлын еске алып отырмыз. Бауыржан Момышұлы бүгінгі жас ұрпақ үшін мақтан тұтар біртуар азаматтардың бірі. Отан үшін от кешкен ата-бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою мектеп директоры Бегманова Дәметкен Әбілекқызы мен Ержігітов Қайрат Оразымбекұлына берілді.
Биылғы 2018-2019 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушысы Әжіхан Нұркен және 1 сынып оқушысы Мырзалы Зереге берілді.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздарға екі есе жауапкершілікті жүктейді. Себебі, білімді, әрі білікті шәкірттерді тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар деп салтанатты жиынымыз аяқталды.