Ата-аналар назарына! » Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
август
2021

Ата-аналар назарына!

2021-2022 оқу жылында «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 60 жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №949 қаулысын басшылыққа ала отырып төмендегідей жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің отбасыларынан өтініштер қабылданады.

✓ атаулы әлеуметтік көмек алатындар

✓ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (жетім) отбасынан шыққан балалар

✓ Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан баллалар

✓ Төтенше жағдайдың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.

✓ Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балалар.

Осы аталған 5 /бес/ категория бойынша ата-анадан өтініш қабылданады.
Материалдық көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда, ата-ана ауылдық округ әкіміне атаулы әлеуметтік көмек алу туралы өтініш береді.
Төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, оқу жылына бір рет білім беру ұйымына құжаттар беру арқылы расталады.
Ата-ана тарапынан ыстық тамаққа жиналатын құжаттар.
1.Ата-анасының жеке куәлік көшірмесі.
2.Баланың туу туралы куәлік көшірмесі
3.АӘК /АСП/ атаулы көмек алатынын растайтын құжат.
4.Жұмыс істемесе жұмыссыздығы туралы анықтама.
5.Жұмыс істейтін болса жұмыс орнынан соңғы 6 айлық/жалақы туралы анықтама.
6. Неке бұзылса ,неке бұзу туралы анықтама,қайтыс болса қайтыс болуы туралы анықтама,жалғыз басты ана болса Ф№4 растайтын куәлігінің көшірмесі.
7.2 файл лист.
8. Өтініш
#адалдықалаңы#білімбөлімі#аса_районо






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив