«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиыны
25.05.2018ж. күні «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» отдела образования Кордайского районанде «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға 4,9,10,11 сынып оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты. Салтанатты жиынның қонақтары ретінде Аса ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы З.Сугурбекқызы және Жамбыл әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Қасымова, ардагер ұстаз М.Абралиева қатысты.
Іс-шара барысында мектеп директоры Д. Бегманова сөз алып, мектеп оқушыларын оқу жылыныңаяқталуымен құттықтады, қонақтарға сөз берілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э. Есенбаева сөз алып, оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Мектептің озат оқушылары «Озаттар биін» биледі. 11 сынып оқушылары ортаға шығып жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік бағдарламасын көрсетті. Іс-шара «Соңғы қоңырау соғу» рәсіміне ұласты. Қоңырауды 11 сынып оқушылары Сұранова Ақнұр, Реймбаев Ербол және пен 1 сынып оқушылары Маратқызы Зарина соқты.