01
ноябрь
2024
«Кәсіп - түбі нәсіп» атты түрлі мамандықтағы кәсіп иелерімен дөңгелек үселі мен кездесу жұмысы өткізілді.
Жоспарға сай білім алушыларды кәсіптік бағдар беру мақсатында өндіріс түрлерімен таныстыру үшін бизнес қауымдастықтың өкілдерімен түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды..
Мақсаты: Өңірлік еңбек нарығындағы жағдайлар туралы білім алушыларды ақпараттандыру;
Болашақ мектеп бітірушілерінің мамандық таңдаудағы оңтайлы жолдарын көрсету, мамандық таңдауына ақыл-кеңес бере орырып, «Еңбек адамына құрмет көрсету», «Мамандығым – мақтанышым», «Кәсіп - түбі нәсіп» атты түрлі мамандықтағы кәсіп иелерімен дөңгелек үселі мен кездесу жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында меженді орын ЖШС «САРЫБАС» ет және шұжық өнімдерін өндіру компаниясы таныстырылды. Кездесу кезінде болашақ мектеп бітіруші түлектері жұмысшы мамандықтарымен танысып, болашақ бағыттарын айқындауына себеп болды. Бұл шара облысқа белгілі жеке кәсіпкер Омарова Назүл ханыммен бірлесіп өтті. Жұмыс барысында оқушылар компанияның түрлі өнімдерімен танысты. Болашақ мектеп бітіруші түлектері мамандық таңдауда мазалаған түрлі сауалдарына жеке кәсіпкер толық ақпараттар мен жауаптарын берді. Кездесуде оқушылар жақсы әсер алып ,таңдаған бағыттары мен мамандықтарын пысықтады. 10- сынып білім алушылары қызығушылық танытып, жан-жақты сұрақтар қойып кәсіпкер сұрақтарына жауап берді.