2023 жылғы 30 мамырдағы №5 педкеңесте төмендегі педагогтер 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша марапатқа ұсынылды.
ПК №5 2022-2023 оқу жылы
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: Мектепішілік педаготердің рейтингісін шығару туралы
Мақсаты: Мектепішілік педаготердің рейтингісін шығару арқылы үздіктерді анықтау, ынталандыру, марапатқа ұсыну
Мерзімі: мамыр, 2023ж.
Рейтинг мазмұны:
- Пән бойынша білім сапасы мен үлгерім көрсеткіші
- Халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің (лауреаттарының) саны.
- Халықаралық, республикалық, аймақтық, аудандық /қалалық/ деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің (лауреаттарының) саны.
(оның ішінде мектеп олимпиадалары мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы өткізген байқаулар)
- Ғылыми жобаларының саны
- Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық /қалалық/ деңгейдегі байқауларда жеңімпаз, жүлдегер (лауреат) атанған білім беру ұйымдарындағы педагогтардың үлесі
- Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық /қалалық/ деңгейдегі басылымдарда іс-тәжірибесі жарияланған педагогтардың үлесі
- Іс-тәжірибелері аудандық /қалалық/, аймақтық, республикалық деңгейде таратылған педагогтардың үлесі (шығармашылық есептер, семинарлар, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сыныптар және т.б.)
2022-2023 оқу жылының басында 80 педагог пен теңестірілген қызметкерлермен басталған, оқу жылының соңында 78 қызметкер, оның ішінде 75 педагог, 3 ( әлеуметтік педагог, тәлімгер, педагог- психолог) педагогке теңестірілген қызметкерлер аяқтады.
Оқу жылың соңында әр пән бірлестігі әдістемелік отырыстарын өткізіп, мектепішілік рейтинг бойынша жыл қорытындысын саралап, талқылап комиссияға ұсынды. Мектеп директорының 2023 жылғы 25 мамырдағы №228 бұйрығының негізінде комиссия ұсынылғаны материалдарды объективті түрде саралап, номинацияларды беру туралы педагогикалық кеңеске ұсынды.
Оқу жылының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішпен озық шыққан төмендегі педагогтерді мектепішілік «Шебер ұстаз- 2023» номинациясына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айнура Бейшенбековна Меркибаеваны, «Үздік педагог- 2023» тарих мұғалімі Индира Жаксылыкбаевна Шыныбаеваны, «Үздік әдістемелік бірлестігі» номинациясына қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұсынылады. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіш көрсеткен педагогтерді жыл ішінде марапатқа ұсынынылды:
- Акмарал Нурмахановна Оразкулова- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
- Айнура Бейшенбековна Меркибаева- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Маржан Бердалиевна Мынбаева- директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Индира Жаксылыкбаевна Шыныыбаева- тарих пәнінің мұғалімі
- Шынар Даулетхановна Айдархановна- тарих пәнінің мұғалімі
- Кайрат Даулеткулович Отарбаев- көркем еңбек пәнінің мұғалімі
- Нурсулу Оразымбековна Ержигитова- бастауыш сынып мұғалімі
- Ержан Ермаханович Даулетбеков- информатика пәнінің мұғалімі
- Назгул Нурлановна Жанбыршиева- биология пәнінің мұғалімі
- Молдир Сексенбаева- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі