Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама » Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
23
февраль
2026

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

БЕКІТЕМІН 

«Б.Момышұлы атындағы мектеп-

гимназиясы» директоры

Г.С.Оразалиева _____________

«23»  ақпан 2026 жыл




Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама


          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

          Жұмыс тобы:

2026 жылғы 5 қаңтардағы № 02 бұйрығына сәйкес құрылды.

          Топ жетекшісі:

  1. Оразалиева Гульвира Саликовна - Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры

          Топ мүшелері:

  1. Г.К.Сержанова - Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
  2. И.Р.Ибрагимова - Қамқоршылық кеңестің төрайымы.
  3. М.Б.Мынбаева –Ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
  4. Э.С.Есенбаева –Оқу ісі жөніндегі орынбасары. 
  5. И.К.Джоланова–Бейін бойынша оқыту ісі жөніндегі орынбасары
  6. Е.М.Сейдомаров - Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  7. С.Н.Ауельбаева - Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  8. Т.Н.Самалиева – Әлеуметтік педагог.
  9. А.К.Айниязов – Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.
  10. Э.М.Риянова - іс қағаздарын жүргізуші.


          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең:

2025 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2026 жылғы 8 қаңтар мен 18 ақпан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты:

Джоланова Индира Кыдыржановна         

  1. «Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 

шалдыққан лауазымдарды айқындау»

          1.1. Персоналды басқару бағыты бойынша 2025 жылдың 2 қыркүйегінде бекітілген штат кестесі бойынша штат саны 46,5 бірлікті құрайды. Штаттық кесте бойынша лауазымдардың атауы мен штат бірліктері төмендегі 1-кестеде көрсетілді.

1-кесте

Лауазымдардың атауы

Штат бірлігі

1

Директор

1

2

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

1

3

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1

4

Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

1

5

Директордың бейін бойынша оқыту ісі жөніндегі орынбасары

1

6

Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1

7

Педагог-ассистент

1

8

АӘД оқытушы

1

9

Педагог-психолог

2

10

Аға тәлімгер

1

11

Әлеуметтік педагог

1

12

Кәсіптік бағдар беруші педагог

1

13

Кітапхана меңгерушісі

1

14

Кітапханашы

1

15

Шаруашылық меңгерушісі

1

16

Іс жүргізуші

1

17

Хатшы

1

18

Зертханашы

4

19

Кіші медициналық қызметші

0,5

20

Еден жуушы

11,5

21

Жұмысшы

1,5

22

Аула сыпырушы

2,5

23

Вахтер 

4

24

Күзетші

3

25

Слесарь-сантехник

0,5

26

Электромонтер

0,5

27

Гардеробшы

0,5


Барлығы:

46,5

          1.2.Персоналды басқару бағыты бойынша 2026 жылдың 5 қаңтарында бекітілген штат кестесі бойынша штат саны 47,5 бірлікті құрайды. Штаттық кесте бойынша лауазымдардың атауы мен штат бірліктері төмендегі 2-кестеде көрсетілді.

2-кесте

Лауазымдардың атауы

Штат бірлігі

1

Директор

1

2

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

1

3

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1

4

Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

1

5

Директордың бейін бойынша оқыту ісі жөніндегі орынбасары

1

6

Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1

7

Педагог-ассистент

1

8

АӘД оқытушы

1

9

Педагог-психолог

2

10

Аға тәлімгер

1

11

Әлеуметтік педагог

1

12

Кәсіптік бағдар беруші педагог

1

13

Кітапхана меңгерушісі

1

14

Кітапханашы

1

15

Шаруашылық меңгерушісі

1

16

Іс жүргізуші

1

17

Хатшы

1

18

Зертханашы

5

19

Кіші медициналық қызметші

0,5

20

Еден жуушы

11,5

21

Жұмысшы

1,5

22

Аула сыпырушы

2,5

23

Вахтер 

4

24

Күзетші

3

25

Слесарь-сантехник

0,5

26

Электромонтер

0,5

27

Гардеробшы

0,5


Барлығы:

47,5


1.3. Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды рәсімдеу еңбек заңнамасына, мектепке дейінгі ұйым жарғылық ережесіне, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесіне, лауазымдық нұсқаулықтар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. 

2025 жылы жұмысқа қабылданған және жұмыстан шығарылған қызметкерлердің тізімі 3-кестеде көрсетілді.

3-кесте

Тегі, аты, әкесінің аты

Жұмысқа қабылданған күн

Жұмыстан шығарылған күн

1

Дүзеев Еркинбай Лутуфуллаевич


05.01.2025жыл

2

Мутенов Серік Дархожаевич

05.01.2025жыл


3

Әлібекова Аружан Бауыржанқызы


05.01.2025жыл

4

Барбол Мөлдірім Маратқызы

05.01.2025жыл


5

Кушекова Айнұр


09.01.2025жыл

6

Қазақбай Дина Несипхановна

13.01.2025жыл


7

Аймағамбет Айгерім Амангелдіқызы

22.01.2025жыл

29.10.2025жыл

8

Қоспанова Аделя Мұхтарқызы

21.02.2025жыл

06.10.2025жыл

9

Әбуғалиқызы Аружан

  03.03.2025жыл


10

Сейдалиев Галымжан Бердикулович

07.04.2025жыл


11

Ошанов Мухамметкурбан Таймасович


16.06.2025жыл

12

Искакова Кульшарат Сыдыгалиевна


16.06.2025жыл

13

Исмаилова Дамеш Шонғарқызы


16.06.2025жыл

14

Серікбаев Ринат  Сағынбайұлы

25.06.2025жыл


15

Бектурсынова Гулайым Жанысбековна

08.07.2025жыл

02.09.2025жыл

16

Ақылбек Айгерім Сейілбекқызы


08.07.2025жыл

17

Косдаулетова Дана Сактагановна


28.07.2025жыл

18

Кокжалбекова Сымбат Абубакировна

05.08.2025жыл


19

Әбдуәлиева Гүлбаршын


05.08.2025жыл

20

Байкеева Самал Онгарбаевна


25.08.2025жыл

21

Биланқызы Гулнур

02.09.2025жыл


22

 Шехбаева Дилафруз Хожабергановна

02.09.2025жыл


23

Қуанышбай Аружан Бауыржанқызы

02.09.2025жыл


24

Самалиева Тамирис Нұрбекқызы

02.09.2025жыл


25

Қаныбай Эльмира Шайзиндақызы

02.09.2025жыл


26

Алимағанбетова Света


03.09.2025жыл

27

Сарсенова Ырыс Бауыржанқызы

19.09.2025жыл


28

Риянова Эльнара Максаткызы

06.10.2025жыл


29

Мырзамұрат Зарина Ерғалиқызы

09.10.2025жыл


30

Иманбаева Гулсим Молдабаевна

16.10.2025жыл


31

Айтбек Айдын Жарасқызы

03.11.2025жыл


1.4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы            № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының                              3-тарауының 89-тармағындапедагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады делінген.

      Аталған 3-тараудың 91-тармағында модуль жүйесінде техникалық ақау және ақау болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның хаты негізінде орта білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымдарға тағайындау конкурсын қағаз форматта жүзеге асыруға жол беріледі делінген.

          Жоғарыда бұйрықтарды негізге ала отырып, 2025 жылы «уақытша, тұрақты» лауазымдық міндетіне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. 

Конкурс өткізу туралы хабарландыруды:

Instagram әлеуметтік желісіне: 

https://www.instagram.com/p/DNNZBoBMe2R/?igsh=cmk4a3RkYmljenM1                                                                                                                                      

https://www.instagram.com/p/DH8U-49MJ0s/?igsh=Z2tvZ2xqb242b2J0 

https://www.instagram.com/p/DOG4DVljCYg/?igsh=dHMzMmRpbnV1Z28w 

электрондық еңбек биржасына жарияланды.

Конкурс нәтижелері мектепке дейінгі ұйымның 

интернет-ресурсының бөліміне конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жарияланады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. «Мүдделер қақтығысын реттеу»

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары»  негізінде 116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады» деп нақтыланған.

«Мемлекеттік   қызметтер  көрсету»Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша мектепке дейінгі ұйым  6 (алты) мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

3.1. Педагогтерді аттестаттау:

"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығына сәйкес, педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады).Атап айтқанда, педагог кадрларды аттестаттау жүргізу «Ұстаз» платформасына өтініш беріліп, құжаттары уақытылы тіркеліп, хаттамалық шешімі негізінде төмендегі ұстаздарға біліктілік санаттары берілді.

1-кесте

Аты-жөні

Еңбек өтілі

Пәні

Біліктілік санаты

Берілген мерзімі

1

Сейдомаров Ерлан Мырзалиевич

18ж

Дене шынықтыру

Педагог-модератор

04.06.2025

2

Оспанова Гүлжан Егенбердиевна

32ж

Бастауыш сынып 

Педагог-модератор

04.06.2025

3.2Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру бағытында жұмыстардың жүргізілуін зерделеу. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларына қабылдау құжаттарды (өтініш, медициналық-психологиялық-педагогикалық консультация (МППК) қорытындысы) Egov.kz немесе мектеп арқылы тапсыруды қамтиды. Жұмыс жеке оқу жоспары, психологиялық-педагогикалық қолдау және түзету сабақтары арқылы жүзеге асады, бұл ерекше білім беру қажеттіліктерін (ЕБҚ) қанағаттандыруға бағытталған.

2025   жылы  оқушыларды білім беру ұйымына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың» үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Осы қағидаға сәйкес қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа ата-аналарының өтініштері  электронды түрде es.nobd.kz сайты бойынша қабылданды. Білім алушыларды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата- аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасалынды. Оқушылардың мектепке  ауысып келуі және басқа мектепке ауысып кету процестері Nobd.edu.kz  порталына тілкеліп, жұмыс жасалды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата- аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасалынды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге занды өкілдерінің келісімімен педагогикалық- медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылды. 2025 оқу жылдын үйде оқыту бөлімінде 4 оқушы, ал инклюзивті білім беру бөлімінде 9 оқушы.

3.3.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру бағытында жұмыстардың жүргізілуі»

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеке тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті  алу үшін   «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын  балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы, "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 10-қосымшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы, ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544   қаулысының І тармағының 5 тармақшасында көрсетілген қағидаларды басшылыққа ала отырып, осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына Жалпы білім беру қорынан берілетін бір мезгіл ыстық тамақпен төмендегі санаттағы отбасы балалары қамтылады:      

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;      

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;     

 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;      

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;      

 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.      

2025 жылдың қаңтар  айынан желтоқсан айына дейін  ҚР Үкіметінің 08.08.2022 №544  қаулысына сәйкес ЖББҚ берілетін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге   аз қамтылған отбасынан шыққан  164 баланың заңды өкілдерінен өтініш түскен. Ата-ананың өтініші негізінде ыстық тамақпен 164 бала қамтылған. Оның ішінде І санатта – 25 бала, ІІ санатта – 135 бала, ІІІ санат бойынша – 4 бала.

Жоғарыда аталып өткен жекелеген санаттар бойынша 2025 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсан айындағы көрсеткіш   бойынша мектеп бойынша 5 – 11 сыныптар арасында 93 білім алушының ата-аналарынан өтініш түскен. Қаңтар айында   мектеп бойынша 5 пен 11 сыныптар аралығында 93 бала ЖББҚ берілетін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы 1-11 сыныптар арасында аз қамтылған отбасы балаларының саны 164 балаға жеткен. 

2025 жыл тамақтану сапасына мониторинг жасайтын бракераж комиссиясы құрылған. Комиссия мүшелері айына бір рет асхананың санитарлық тазалығын, асханада балаларға тағамның сапалы әрі балғын азық-түлікпен қамтылуын тексерді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланып отырады.Бракераждық комиссия мүшелері асханадағы тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу шарттарының орындалуын, ас мәзірінің дайындау технологиясын бақылап келді. Ыстық тамақты ұйымдастыруға тікелей жауапты болып  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауельбаева Сандуғаш Несипбаевна және әлеуметтік педагог Кеңесбек Жансая бекітілген. 

     Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сырт киім үлгісі, тамақ өнімдерінің көрсетілген бір апталық ас мәзіріне сай болуын мектеп медбикесі Утемуратова Альбина Калдибековна күнделікті бақылауда ұстап отырады. Асханада ас мәзірі бұрышы жасалған, оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сай жүргізіледі. Әр күннің ас мәзірі әр түрлі. Тамақ құрамында   негізгі қоректік заттар -  май, көмірсу, болуы тиіс, сондықтан тамақ рационда витаминдер мен микроэлементтер қарастырылған. Тамақ нәрлілігі оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай.

     Барлық сынып оқушылардың тамақтану кестесі көрсетілген.  Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер  мектеп асханасына кезекшілік ұйымдастырылған.  

     2025 жылы қыркүйек – ақпан айларында  мектепте 1-4 сыныптар бойынша 266 бала, соның ішінде 56 бала аз қамтылған отбасынан шыққан, ал 5-11 сыныптар аралығында  93 аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылды. 

   Тексеру нәтижесінде асханада ауыз режиміне қойылатын талаптар сақталған. Қайнаған судың ауыстырылатын уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген. Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы электронды қол кептіргіштер және  қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 4 раковина бар. 

Білім алушыларға бекітілген тамақтану кестесі бойынша тамақ беріледі. Тамақтың құнары талапқа сай. Ас блогында санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Ас блогының жайын тазалау кестесі ілінген, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері қарастырылған. Әр аптаның жұма күні асхананы тазалау жұмыстары жүргізілді.

Персоналдарға арналған жеке бөлме бар, жеке заттарын сақтайтын арнайы шкаф бар. Азық – түлік сақтайтын қоймада талаптар сақталған, сақтау ережелері бұзылмаған. Тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталған.

2025-2026 оқу жылында мектепте асханасында  «Е-асхана» жүйесі енгізілді. Мектеп асханасында кассалық аппарат, ақпараттық монитор мен терминал орнатылды. Оқушылардың күнделікті асханада тамақтануын тіркеу  асханада қойылған терминалда «FACE ID» арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін қыркүйек айында «BILIM KLASS»  электронды журналында білім алушылардың ата-аналарынан келісімі алынып, суреттерді жүктеу жұмыстары жүргізілді. Терминалдан тіркелген бала  «Е-асхана» жүйесінде табельге түсіп отырды. «Е-асхана» жүйесінің артықшылығы ата-ана баласының асханадағы тамақ мәзірін көріп, қаржылық шығынын бақылап отыра алады. Бүгінгі күні мектеп бойынша бойынша 1-4 сыныптарда 164 білім алушы тегін тамақтанады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардан осал әлеуметтік топтан шыққан ВАУЧЕР алған  бар 149 бала тегін тамақтанады. Оның бәрі жүйелі ұйымдастырылған. Ас мәзірі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген.

3.4.Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы бағытында жұмыстардың жүргізілуін:

Жалпы білім беру қорынан2025  жылы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьмен әр түрлі санаттағы аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қамтуға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  05.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»   бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 ж. №598 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» атты №581 Қаулысының балаларды сауықтыру, демалысын ұйымдастыру қағидаларын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №1 – Ө. Және қалалық білім бөлімінің 2025 жылдың 22 мамырдағы №824 бұйрығын негізге ала отырып қала сыртында және мектеп жанындағы лагерьлерге балаларды қамту жұмыстары ұйымдастырылды. 2025 жылы  қала сыртында және мектеп жанындағы лагерьлерге 177 баланың ата-анасынан өтініштері алынып, тіркелді. 

3.5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың телнұсқасын алу үшін 2 азамат өтініш тастаған. Олар Жамбыл ауданының білім бөлімі арқылы өтініш жіберілген. Құжаттар берілу мерзімі бұзылған жоқ, кемшіліксіз дер кезінде орындалды. 

Сарықбаев Ж.Е. 25.02.2025 өтініш беру мерзімі -03.03.2025 берілді

Тлеубердиев С.Т.  01.08.2025 өтініш беру мерзімі -01.08.2025 берілді. 

3.6. " Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №354 бұйрығына сәйкес "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің  "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 196 бұйрығы.  Мемлекеттік қызметтері бойынша Ұлттық білім деректер қоры және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінің өзара әрекеттесу тәртібі (бұдан әрі – Өзара әрекеттесу тәртібі) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына (бұдан әрі–Заң) сәйкес әзірленген және "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу тәртібін белгілейді.

2025 жылы 1 сыныпқа қабылдау «es. edu. kz» платформасы арқылы-61 оқушы оқуға қабылданды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

4.       «Рұқсат беру функцияларын іске асыру»

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша 2014 жылғы16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңына сәйкес мектепке дейінгі ұйым жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттемейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

5.       «Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру»

Мектепте  бақылау-тексеру функцияларын іске асырылмайды.

6.«Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу»

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жоқ.

7.       «Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы білім беру қызметтерін (оқу ақысы) көрсету және кәсіптік практикадан өту үшін міндетті үлгілік шарт нысандарын бекітеді. Бұл құжат оқу орны, білім алушы және кәсіпорын арасындағы құқықтар мен міндеттерді реттейді

•        Білім беру қызметтерін көрсету шарты: Оқу орындары мен білім алушы (немесе ата-анасы) арасындағы қарым-қатынасты, төлем тәртібін және оқу процесінің шарттарын айқындайды.

Бұл бұйрық білім беру саласындағы заңдылықты сақтау және тараптардың жауапкершілігін бекіту үшін маңызды құқықтық құжат болып табылады. 

7.2 «Жеке тұлғалар»   Мемлекеттік деректер қоры бұл Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық халді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі. 

8. «Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану»

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу бағыты бойынша білім беру ұйымы ақпараттық жүйелерді әзірлемейді.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша мектепке дейінгі ұйым "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы яғни, nobd.edu.kz – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін;

Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы "Е-otinish" ақпараттық жүйесін;

Enbek.kz – Электрондық еңбек биржасы enbek.kz (бұдан әрі - ЭЕБ)  жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді ұсынатын жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңын;

Ұстаз – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының платформасын;

egov.kz – Мемлекеттік қызметтержәне онлайн ақпарат порталын тұрақты әрі жүйелі түрде пайдаланады.

«Е-асхана» жүйесі мектеп асханасында кассалық аппарат, ақпараттық монитор мен терминал орнатылды.

«FACE ID» жүйесіоқушылардың күнделікті асханада тамақтануын тіркеу  асханада қойылған терминаларқылы жүзеге асырылады. 

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1.  «Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер»

Мектепте талдау жүргізу барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер анықталмады.

Талдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Талдамалық анықтамамен келісті:     


Оразалиева Гульвира Саликовна______________

Есенбаева Эльмира Сапаргалиевна______________

                          Джоланова Индира Кыдыржановна______________


5.1. Мектептің әлеуметтік педагогы Қосдаулетова Дана Сактагановна өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін 2025 жылдың 14 қаңтарда «ескерту» берілген.

5.2. Кәсіптік бағдар беруші педагогы Келимбетова Динара Койшибаевна оқушылардың  өнеркәсіп аумағында қауіпсіздік шараларын толық сақтамағаны үшін 2026 жылдың 19 ақпанда «ескерту» берілген.

5.3. Комиссия төрайымы Есенбаева Эльмира Сапаргалиевна 2024 жылғы конкурс нәтижесі бойынша қабылданған педагогтердің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес «құжаттар» талабын орындамағаны және өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін  тиісті деңгейде орындамағаны үшін 2025 жылдың 14 мамырда «ескерту» берілген.

5.4. Есенбаева Эльмира Сапаргалиевна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің  Жамбыл ауданының білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылының 13.01-31.01.2025жыл аралығында ұстаздарға «BilimClass» электрондық журналының дұрыс жүргізілуі  туралы ақпаратты дұрыс немесе жетік түсіндірмегені үшін 2026жылдың 28 мамырда «ескерту» берілген.

5.5. Мынбаева Маржан Бердалиевна директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің  Жамбыл ауданының білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылының 02.12.2024-31.01.2025жыл аралығында ұстаздарға «BilimClass» электрондық журналының дұрыс жүргізілуі  туралы ақпаратты дұрыс немесе жетік түсіндірмегені үшін 2026 жылдың 28 мамырда 

«ескерту» берілген.

        5.6.Сейдомаров Ерлан Мырзалиевич – директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін 2026 жылдың 28 мамырда «ескерту» берілген.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив